Төменгі лигадан Еуропаға дейінгі жол – “Елімайдың” керемет ерлігі

27.10.2025, 16:30

Семейдің мақтанышы — "Елімай" футбол клубы тарихындағы жаңа парақты ашты. Бір кездері ел футболының символына айналған команда бірнеше жыл бұрын қайта құрылып, небәрі үш маусым ішінде Еуропа аренасына жолдама алды.

Төменгі лигадан Еуропаға дейінгі жол – “Елімайдың” керемет ерлігі

1990-жылдары "Елімай” (сол кездегі "Спартак") үш мәрте Қазақстан чемпионы атанып, отандық футболдың шыңына көтерілген еді. Алайда қаржылық қиындықтар мен қарыздардың кесірінен клуб 2010-жылдары жабылып қалған болатын.

2022 жылы "Елімай" қайта тірілді. Эмблема мен клубтық реңктер жанкүйерлердің онлайн дауыс беруі арқылы бекітілді, ал жас футболшыларды қаралымға Google формасы арқылы шақырған. бұл елде бұрын-соңды болмаған қадам еді.

Қайта құрылғаннан кейін команда тез қарқын алды:

  • 2023 жылы Бірінші лиганы жеңіп, Премьер лигаға жолдама алды
  • 2024 жылы жоғарғы лигада алғашқы маусымын өткізіп, 6-орын иеленді
  • Ал биыл 2025 жылы чемпионатта 4-орынға көтеріліп, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды

"Елімайдың” соңғы үш жылдағы өрлеуі — нағыз футбол ертегісіндей. Халықтың қолдауымен қайта туған Семейлік клуб бүгінде тек өткеннің даңқын емес, жаңа буынның үмітін де арқалап отыр. Алда — Еуропа аренасындағы жаңа сынақтар мен үлкен мүмкіндіктер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×