TOP 5 бомбардирлер қашан өзгереді?

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
23.09.2020, 20:27
Қазақстан чемпионаттарының тарихында ең көп гол салған шабуылшылар кімдер?
TOP 5 бомбардирлер қашан өзгереді?

1992 жылдан бергі Қазақстан чемпионатында гол салып сұрмерген атанған футболшылар жетерлік. Олардың алғашқы үздік ТОП 5 мықтысы ұзақ жылдар бойы еш өзгеріссіз қалып тұр. Соңғы жылдары елімізде мықты шабуылшылар азайып, тұрақты түрде гол салатын голеодорлар азайып кетті. Мысалы ТОП 5 үздіктерге зер салайық.

(инфографиканы жасаған Рабиға Сатыбалды)

Бұл тізімдегі сұрмергендердің барлығы қазір жасыл алаңға шықпайды. Басым бөлігі бапкерлікпен айналысып жүр. Ал осы тізімге кім жақындап келеді деген сауал туындайды? Әзірге ондай футболшылар да жоқ. Мысалы "Тобыл" ойыншысы Азат Нұрғалиев әзірге 81 гол салған. Футболды нақты аяқтадым деп айтпаған Таңат Нөсербаевта 80 гол болса, Алексей Щеткиннің еншісінде 63 гол бар. Ал Біріккен Араб Әмірліктеріне кетіп қалған Бауыржан Исламханда 57 гол бар. Бәлкім кейіннен ҚПЛге қайтып келсе, Исламхан бұл тізімде сәл де болса көтерілетін шығар. Бірақ, 115 гол салып, Андрей Мирошниченконы қуып жететін адам әзірге жоқтың қасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×