Топтық кезең несімен есте қалды?

04.12.2022, 04:24
Қатардағы Әлем чемпионатының екінші кезеңі басталды. Топтық кезең артта қалды.
Топтық кезең несімен есте қалды?

Топтық кезеңдегі қызықтарды бір саралап өтсек. Бірнеше сенсация тіркеліп, бірнеше рекорд жаңартылды. Ендеше топтық кезең несімен есте қалды? Ең алдымен Леонель Месси жайлы айта отырсақ. Аргентиналық ойыншы Марадонаның рекордын басып озды. Диего Армандо Әлем чемпионттарында 21 ойын өткізген еді. Ал Лео Месси 22 ойын ойнап үлгерді. Және мұнымен шектеліп қалмайтын секілді. Оның алаңда әрбір ойнаған матчы атақты бір футболшыдан озып отыруға септігін тигізеді. Мысалы ендігі кезекте Мальдини, Маттеус секілді тұлғалар тұр. Аргентина құрамасының тарихында финалдық кезеңде 10 гол салған бір ойыншы бар. Ол – Габриэль Батистута. Мессиде қазір 8 гол.

Криштиану Роналду әлем футболының тарихына енді. Ол 5 әлем чемпионатында гол салған жер шарындағы алғашқы адам. Ол голдар саны мен өткізген ойындар саны бойынша ешкімге жеткізбейді. Португалия тарихында оған жетер ойыншы жоқ.

Әлем чемпионатын қабылдаған мемлекеттің құрамасы алғашқы ойында ешқашан жеңілмеген. Биыл бұл үрдіс бұзылды. Қатар құрамасы ашылу салтанаты болған матчта Эквадорға есе жіберді. Әлем чемпионатының алғашқы голы ешқашан пенальтиден салынбаған екен. Оны Эквадор шабуылшысы Эннер Валенсия іске асырды. Осы мундиальда Иран құрамасының шабуылшысы Мехди Тареми 102 минутта гол салды. Бұл ең кеш салынған гол болып тіркелді. Осыған дейінгі Әлем чемпионаттарының тарихында мұндай оқиға болмаған екен.

Бразилия құрамасы Әлем чемпионатында ең ұзақ жеңілмеген команда. Олар 17 ойын бойы жеңілмей келіпті. Алайда, кеше соңғы матчта «селесао» құрамасы Камерунға жол берді.

Топтық кезең аяқталып, енді 1/8 матчтары басталады. Бүгін алаңға Нидерланды және АҚШ, сонымен қатар, Аргентина мен Аустралия құрамалары шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×