
ҚПЛ төрешілері
Биылдан бастап ҚПЛ кездесулеріндегі бас төреші әр матчындағы қызметі үшін 713 514 теңге алады.
Ал оның көмекшілеріне 396 396 мың теңге көлеміндегі жалақы берілмек. Сондай-ақ, соңғы өзгерістерге сай тағы мынадай жалақы мөлшері тағайындалды:
VAR төрешісі – 339 769 теңге.
VAR төрешісінің көмекшісі – 283 140 теңге.
VAR операторы – 155 725 теңге.
Қосалқы төреші – 62 292 теңге.
Матч инспекторы – 254 826 теңге.
Телевизиялық инспектор – 43560 теңге.
Матчтың делегаты – 90 000 теңге.
Естеріңізде болса, былтыр ҚПЛ матчтарында қазылық жасаған біраз маманның басы дауға қалған еді. Жалпы соңғы уақытта төрешілер корпусы жиі сынға алынып келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET