“Жетісу” бапкері Самат Смақов Федерация тарапынан айыппұл арқалады.
Еске салсақ, “Жетісу” Премьер-лиганың 18-турында семейлік “Елімайдан” 3:0 есебімен ұтылған болатын. Матч барысында бас төреші Ысқақов алаң қонақтарына 4 сары қағаз бен 1 қызыл қағаз көрсетті. Осы және ойындағы басқа эпизодтардың басты куәгері болған бапкер Смақов баспасөз-мәслихатында төрешінің әділ жұмысына күмәнмен қараған еді.
Федерация болса, бұған бей-жәй қарай алмай Самат Қабирұлына 393 200 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Бұған дейін, осындай әрекеттері үшін бапкер матчтардан тек шеттетілумен ғана жазаланған болатын.
Бір қызығы, “Жетісу” командасы жеме-жемге келгенде, өз бапкерін орта жолдан лақтырды. Талдықорғандық ұжым Самат Смақов өз пікірін айтты, команданың төрешіге артар ешқандай сыны жоқ екенін алға тартты. Сол арқылы бар кінәні бапкерге ысыра салды.