Төрешінің алғашқы ысқырығынан кейін тегін күруге рұқсат? «Қайрат» трибунаны толтыру үшін батыл қадамға бармақшы

21.10.2025, 13:13

«Қайрат» басшылығы футболшылары мен академия жастарына тегін билет беріп, «туған-туыс, достарыңды да ертіп келіңдер» деген желеумен қосымша билет таратып жатқан ұқсайды.

Төрешінің алғашқы ысқырығынан кейін тегін күруге рұқсат? «Қайрат» трибунаны толтыру үшін батыл қадамға бармақшы
"Қайрат" ФК жанкүйерлері

Сондай-ақ, матчтағы алғашқы ысқырық шалынғаннан кейін «Орталық» алаңның есіктері жанкүйерлерге айқара ашылады деген де ақпарат бар. Мұның барлығы кездесудегі трибуналардың «жетімсіреп» қалмауы үшін, фанаттардың «лықа» толғанының көрінісін жасауға бағытталған айла-тәсілдер көрінеді. Бұл туралы «Тотальный футбол KZ» телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі матчтарының билеттері 30 мың мен 250 мың арасында. Жанкүйерлер алматылық клубтың баға саясатына наразылық білдіріп, ашық қарсылық танытқаны да мәлім. Олар «Пафос», «Олимпиакос» секілді қарсыластарға мұндай баға тым қымбат деп есептеуде. Алайда, «Қайрат» басшылығына бұқараның өкпесіне әзірше ешқандай жауап қайырмай отыр. ЧЛ жалпы кезеңінің 3-туры аясынадағы «Қайрат» - «Пафос» кездесуі бүгін 19:45-те басталады.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×