«Торпедо» Кутаиси бас бапкері «Ордабасыға» қарсы ойын туралы: қарымта кездесу алдында басымдыққа ие бола аламыз

10.07.2025, 13:20

Грузиялық «Торпедоны» жаттықтыратын неміс маманы Дирк Шустер Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ордабасымен» болатын ойын жайлы пікірін айтты.

«Торпедо» Кутаиси  бас бапкері «Ордабасыға» қарсы ойын туралы: қарымта кездесу алдында басымдыққа ие бола аламыз
«Ордабасы» футболшылары жаттығуда

«Команданың дайындығына көңілім толды. Шабуыл шебі мен қорғаныс тұрғысында біраз ілгері бастық және қарымта кездесу алдында басымдыққа ие бола аламыз. Бұл үшін сондай-ақ біздің жанкүйерлеріміздің де қолдауы керек», - деді Д. Шустер клубтың баспасөз-қызметіне. 

Командалардың бірінші кездесуі бүгін Кутаиси қаласында өтеді. Ал жауапты матч 17-шілдеде Шымкентте болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×