Төрт жылда бір төбе көрсетеді

40 жастағы Гильермо Очоа үш мемлекетте болатын биылғы Әлем чемпионатына қатысады.

Төрт жылда бір төбе көрсетеді

Америка командасының ең титулды қақпашылардың бірі Луис Малагон мундиаль қарсаңында ауыр жарақат алыпты. Сол себептен, бапкер Хавьер Агирре Мексика құрамасының нөмір бірінші қақпашысы ретінде Гильермоны шақырып отыр. 40 жастағы ойыншы бүгінде кипрлік АЕЛ ұжымының көшбасшыларының бірі. Жасына қарамастан, мексикалық әлі де бабында екенін дәлелдеп жүр.

Маусым айында басталатын Әлем чемпионатына дейін чарруалар 5 еуропалық құрамамен жолдастық матч өткізеді. Одан кейін 12 маусымда мундиальдың шымылдық кездесуін Хавьер Агирре шәкірттері Оңтүстік Африкаға қарсы ойнайды. 

Айта кетейік, қақпашы Гильермо Очоа Мексика құрамасында барлығы 152 матч өткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×