«Тоттенхэм» клубы Антонио Контені бас бапкер етіп тағайындауы мүмкін, деп хабарлайды журналист Альфредо Педулла.
Дереккөздің хабарлауынша, лондондықтардың бас бапкері Нуну Эшпириту Санту жақын арада қызметінен кетуі мүмкін. Португалиялық маманға жағдайды түзету үшін екі матч беріледі деп күтілуде.
Конте соңғы рет «Интер» клубында жұмыс істеді. Италиялық маман команданы 2019-2021 жылдар аралығында жаттықтырды. Өткен маусымда «Интермен» бірге Италия чемпионы атанды. Алайда, ол 2021 жылдың 26 мамырында миландық клубтан кету туралы шешім қабылдады.
Біздің серіктес: FONBET