«Тоттенхэм» бас бапкерін қызметінен босатуы мүмкін

01.11.2021, 00:37
Бүгін клуб басшылары кездесу өткізіп, нақты шешім қабылдайды.
«Тоттенхэм» бас бапкерін қызметінен босатуы мүмкін

«Тоттенхэм» басшылығының соңғы ойындарға көңілі толмағандықтан, португалиялық маман Нуну Эшпириту Сантуды бас бапкер қызметінен босатуы мүмкін. Бұл туралы белгілі инсайдер Николо Скира хабарлады.

Бас бапкердің клубтағы тағдырын Конференция лигасының топтық кезеңінде голландиялық «Витесспен» және Англия чемпионатының 11-ші турында «Эвертонмен» өтетін кездесулер анықтамақ. 10 турдан кейін лондондық клуб 15 ұпаймен ел чемпионатының турнирлік кестесінде сегізінші орында келеді. Ал Конференция лигасында төрт ұпай жинап, өз тобында үшінші орынға жайғасқан.

Ал журналист Мэтт Лоудың хабарлауынша, бүгін «Тоттенхэм» басшылары жиналыс өткізіп, 47 жастағы португалиялық маманның болашағына қатысты шешім қабылдайтын болады.

Айта кетейік, Нуну Эшпириту Санту «Тоттенхэмді» осы маусымның басында тізгіндеген еді. Ал оған дейін «Вулверхэмптон» «Порту» мен «Риу-Аве» клубтарын, сондай-ақ испаниялық «Валенсияны» жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×