«Тоттенхэм» мен «Челси» алғаш рет «көміртегісіз футбол» жобасын қолдану арқылы матч өткізбек

07.09.2021, 18:49
Қос команда арасындағы матч 19 қыркүйек күні өтеді.
«Тоттенхэм» мен «Челси» алғаш рет «көміртегісіз футбол» жобасын қолдану арқылы матч өткізбек

"Тоттенхэм" мен "Челси" командалары әлемде алғаш рет "көміртегісіз футбол" жобасын қолдануды жоспарлап отыр. Командалар 19 қыркүйек күні Англия чемпионаты аясында кездеседі. Яғни, бұл ойынына жанкүйерлер көп жиналатындықтан, қос команданың өкілдері табиғатты лас заттардан сақтағысы келеді (түтін, пластикалық қоқыстар және т.б)

"Тоттенхэмнің" баспасөз қызметі жанкүйерлерді матчқа қоғамдық көлікпен немесе велосипедпен келуге шақырады. Стадион басшылығы келген жанкүйерлерге жергілікті және органикалық өнімдерден жасалған өсімдік тағамдарын ұсынбақ. Екі команданың ойыншылары да бұл ойынға көміртегі шығынын азайту мақсатында биоотынмен жүретін автобустармен келеді, және пластикалық ыдыстардан емес, "Тоттенхэм" беретін арнайы қораптардан су ішеді.

"Біз қазірдің өзінде қабылданған тұрақты шаралардың нәтижесін көруді асыға күтеміз және біз өз жанкүйерлерімізді климаттың күрделі мәселелерін шешуге көмектесетін қарапайым әрекеттер жасауға шақырамыз", - делінген "Тоттенхэм" клубының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×