«Тоттенхэм» Милан Шкриньярды алғысы келеді

27.09.2020, 23:46
Шкриньяр соңғы кездері негізгі құрамнан көрінбей кетті. Контемен ұрысып қалды деген де ақпарат бар.
«Тоттенхэм» Милан Шкриньярды алғысы келеді

"Тоттенхэм" қорғаныс шебін күшейту үшін "Интер" қорғаушысы Милан Шкриньярды сатып алғысы келеді.

Италиялық журналист Николо Чиккаринидің жазғанына қарағанда, Лондондық клуб ойыншыны бір жылға жалға алғысы келеді. Келесі жылы 40 миллион еуроға сатып алу нұсқасы да қарастырылған. Ал "Интер" клубы қорғаушының трансфері үшін 60 миллион еуро алуды жоспарлап отыр.

Шкриньяр "Интерге" 2019 жылдың жазында "Сампдориядан" ауысқан болатын. Бұған дейін ол "Жилина" клубының намысын қорғады. 25 жастағы қорғаушының Миландық клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған. Өткен маусымда қорғаушы клубтық деңгейіндегі барлық турнирлерде 42 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас беріп, 9 сары қағаз алды. Маусым нәтижесі бойынша "Интер" Италия чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орынды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×