«Тоттенхэм» ойыншылары стадионның шатырында экскурсия өткізді

06.09.2020, 21:46
Экстрим деп осыны айт!
«Тоттенхэм» ойыншылары стадионның шатырында экскурсия өткізді

"Тоттенхэм" клубының баспасөз қызметі ойыншылардың, сондай-ақ команданың бас бапкері Жозе Моуриньоның "Тоттенхэм Хотспур" стадионының шатырында жүргені туралы видео жариялады.

Экскурсия кезінде ойыншылар бір-бірін мазақ етті. Сондай-ақ, футболшылар алаңның үстіндегі, ешқандай кедергісі жоқ немесе аралықтары жоқ еденмен жүріп өтті. Стадионның тура ортасында команданың символы - Чарлидің қара әтеші тұр, ол клуб эмблемасында да көрінеді. Экскурсияға қатысушылардың барлығы қауіпсіздік шараларын сақтау үшін арнайы белбеуді киіп шықты.

Өткен маусымда Жозе Моуриньоның командасы 59 ұпаймен Англия премьер-лигасының турнир кестесінде алтыншы орынға ие болды. Лондондықтар жаңа маусымдағы алғашқы матчын "Эвертонге" қарсы 13 қыркүйекте ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×