«Тоттенхэм» шабуылшысы Гарри Кейн жаттығуға келмеді

02.08.2021, 21:47
Кейннің еңбек демалысы аяқталды. Бүгін алғашқы жаттығуына келуі тиіс еді.
«Тоттенхэм» шабуылшысы Гарри Кейн жаттығуға келмеді

Демалыстан қайта оралған "Тоттенхэм" шабуылшысы Гарри Кейн бүгін таңертең жаттығуға келмеді, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Еуропа чемпионатыың финалында ойнаған Кейн демалысы аяқталғандықтан бүгін жаттығуға келеді деп күтілген еді, бірақ олай болмады. Мұның эпидемиологиялық жағдай мен коронавирусқа еш қатысы жоқ.

"Тоттенхэм" бұл жағдайдың басын ашып алғысы келеді, себебі Дэниэль Леви, Паратичи, Нуну Эшпириту Санту және бүкіл клуб оны командада қалдыру үшін қолдан келгенінің бәрін жасайды.

"Манчестер Сити" бір айдан астам уақыт бұрын лондондық клубқа Кейн үшін 100 миллион фунт стерлинг ұсынды, десе де Дэниэль Леви бұл ұсыныстан бас тартты. "Тоттенхэмнен" оң жауап келген жағдайда "Манчестер Сити" келіссөздерді қайта бастайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×