«Тоттенхэм» «Ториноның» екі қорғаушысын сатып алмақ

21.04.2022, 14:32
Клуб басшылығы екі ойыншыны сатып алу үшін 50 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр.
«Тоттенхэм» «Ториноның» екі қорғаушысын сатып алмақ

«Тоттенхэм Хотспур» жазғы трансферлік терезеде «Торино» қорғаушылары Глейсон Бремер мен Уилфрид Сингоны қатарға қосқысы келеді. Клуб басшылығы екі ойыншыны сатып алу үшін 50 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр.

Tuttosport порталының хабарлауынша, қос қорғаушыға лондондық команданың бас бапкері Антонио Конте қызығушылық танытып отыр.

Бремердің келісім-шарты 2024 жылдың маусымында аяқталады. 25 жастағы бразилиялықты Transfermarkt 30 миллион еуроға бағалады. Биылғы маусымда қорғаушы «Торино» сапында 30 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Синго бұл маусымда 32 ойынға қатысып, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. 21 жастағы ивуарлық футболшының клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымында аяқталады. Transfermarkt қорғаушыны 15 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×