«Тоттенхэм» Жозе Моуриньоны қызметінен босатты

19.04.2021, 22:05
Лондондық клуб португалиялық маманға 30 миллион еуро көлемінде өтемақы төледі.
«Тоттенхэм» Жозе Моуриньоны қызметінен босатты

"Тоттенхэм" өзінің ресми сайтында Жозе Моуриньоның бас бапкер қызметінен кеткенін жариялады.

Соңғы бес кездесуде "Тоттенхэм" тек бір рет жеңіске жетті, екі рет жеңіліп, екі рет тең түскен. Маусымның аяқталуына алты тур қалды, ал лондондық клуб Премьер-лиганың турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Моуринью "Тоттенхэм" клубына 2019 жылдың күзінде бас бапкер болып тағайындалған еді. Ол маусымды сәтсіз бастаған Маурисио Почеттиноны алмастырды. Португалиялық маманның басшылығымен команда Англия чемпионатында алтыншы орынға ие болып, Еуропа лигасына жолдама алды, бірақ 1/8 финалда Загребтің "Динамосынан" ұтылып, турнирден шығып қалды.

"Тоттенхэмге" дейін Моуриньо "Манчестер Юнайтед", "Челси", "Реал Мадрид", "Интер" және "Порту" клубтарында жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×