“Тоттенхэм” — “Челси” 0:1 : Педроның голы “Көктерге” Лондон дербиінде жеңіс сыйлады

02.11.2025, 11:15

"Тоттенхэм" Премьер лигада екінші орынға көтерілу мүмкіндігін пайдалана алмады. Лондон дербиінде олар өз алаңында "Челсиге" 0:1 есебімен есе жіберді.

“Тоттенхэм” — “Челси” 0:1 : Педроның голы “Көктерге” Лондон дербиінде жеңіс сыйлады

Матчтың тағдырын Жоау Педроның соққан жалғыз голы шешті. Бұл нәтижеден кейін "Челси” жанкүйерлері әзілмен "Can we play you every week?” деп айқайға басты — себебі “Көктер" соңғы жылдары “Тоттенхэмге" қарсы өте сәтті ойнап келеді.

Статистика бұған дәлел: "Челси" қос команда арасындаңы соңғы 18 кездесудің тек бірінде ғана "Тоттенхэмге" ұтылған (14 жеңіс, 3 тең ойын) және соңғы 5 дербиде қатарынан жеңіске жетті.

Ал "Тоттенхэм” өз алаңында Лондон клубтарынан қатарынан үшінші рет жеңілді. Мұндай жағдай соңғы рет 2004 жылдың сәуірінде тіркелген, әрі ол кезде де үшінші жеңіліс "Челсиден" келген болатын.

Ойын барысында “Тоттенхэм" өз мүмкіндіктерін мүлде пайдалана алмады, олардың күтілетін гол көрсеткіші (xG) небәрі 0.05 болды — бұл Премьер лигадағы соңғы 12 жылдағы ең төменгі көрсеткіш (504 матч ішінде).

Қорғаныстағы қателіктер де командаға ауыр соққы болды. Маусым басталғалы "Тоттенхэм” қарсыласқа гол соғуға әкелген 3 қателік жіберді — бұл көрсеткіш бойынша олардан тек "Вулверхэмптон" (4 қателік, 2 ұпай) ғана алда тұр.

“Челси” осылайша 17-ші ұпайын еншіліп ТОП 5-ге көтеріліп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×