"Реал" шабуылшысы, Бразилиялық Родриго Ағылшын Премьер лигасына жол тартуы мүмкін.
Fichajes басылымының хабарлауынша, Лондонның "Тоттенхэм" клубы 24 жастағы футболшыны өз қатарына қосуға қызығушылық білдіруде.
Клуб оған қатысты "Реал" тарапынан белгіленген 80 миллион еуро көлеміндегі трансфер бағасын төлеуге дайын. Хаби Алонсо "Реал" бас бапкері лауазымына келгеннен кейін, Родриго қосалқы ойыншы ретінде алаңға шығып жүр.
Бразилиялық футболшы әлем чемпионатының алдында ойын тәжірибесін арттыру мақсатында клубын ауыстыруға қарсы емес. Ағымдағы маусымда Родриго барлық турнирлерде 13 ойынға қатысып, 2 нәтижелі пас берген.