2026 жылы АҚШ-та өтетін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында АҚШ үкіметі елге кіру ережелерін қатаңдатуды жоспарлап отыр. Бұл өзгерістер кейбір шетелдік жанкүйерлердің виза алуына кедергі келтіруі ықтимал.
Championat.Asia порталының мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жарлық дайындап жатыр. Ол құжат ел аумағына ұсақ құқық бұзушылықтар жасаған немесе әлеуметтік желілерде даулы пікір білдірген адамдардың кіруіне шектеу қоюды көздейді. Бұл шараның басты мақсаты — 2026 жылғы әлем чемпионаты алдында қауіпсіздік деңгейін күшейту.
Жаңа ережелер мыңдаған футбол жанкүйеріне әсер етуі мүмкін. Көптеген жанкүйерлер турнирге билеттерін алдын ала сатып алған. ФИФА мәліметі бойынша, әлем чемпионатына миллионнан астам билет сатылған, алайда енді олардың бір бөлігі АҚШ аумағына кіре алмау қаупіне тап болып отыр.