Трансфер үшін қорқып отыр

30.04.2020, 04:57
Германияда мұндай болады деп кім ойлаған?
Трансфер үшін қорқып отыр

Abendzeitung Munich баспасының хабарлауынша "Шальке-04" командасының қақпашысы Александр Нюбельдің әке-шешесіне қорқынышты хаттар келіп жатыр екен. Қоққан-лоққы көрсетеміз деп хат жазғандар "Шалькенің" өз фанаттары болып шықты. Оның басты себебі, Александр Нюбельдің осы маусым аяқталғаннан кейін "Баварияға" ауысатынында болып тұр. Нюбель мен "Бавария" келісімге келіп қойған. 1 шілдеден бастап қақпашы мюнхендік клубқа ауысады. Ал келісім мерзімі 5 жылды құрайды. Нюбель өткен жылы клубпен келісімді ұзартудан бас тартып, енді еркін агент ретінде ауысқалы жатыр. Осы жағдайлардан кейін фанаттар Падерборн қаласында тұратын оның әке-шешесіне жағымсыз хаттар қалдырған. Мына оқиғадан кейін олар өзге аймаққа кетуді жөн санап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×