Еуропаның үздік 5 лигасында жазғы трансферлік терезе жабылды. Нарықтағы көшбасшылар, әрине, Премьер-Лига өкілдері болды, оның ішіндегі ең жомарты "Челсидің" ресейлік қожайыны Роман Абрамович атанды. Бүгін жазғы трансферлік терезеде ойыншы сатып алуға ең көп ақша жұмсаған клубтар туралы айтатын боламыз.
11. "Астон Вилла" - 82 миллион еуро.
Өткен маусымда Англия чемпионатындағы аутсайдерлердің бірі болған "Астон Вилла" Премьер-лиганың жаңа маусымында жақсы нәтиже көрсету үшін біраз қаржы жұмсады. Бұл әрекет көп күттірмей-ақ нәтиже берді - үш матчта үш жеңіс. Transfermarkt мәліметі бойынша," Астон Вилла" 82 миллионын Олли Уоткинске ("Брентфорд", 30,8 миллион), Бертран Траореге ("Лион", 18,4 миллион), Эмилиано Мартинеске ("Арсенал", 17,6 миллион) жұмсады және Мэти Кэш ("Ноттингем Форрест", 15,7 млн) те бар. Уоткинс "Ливерпульге" қарсы матчта хет-трик жасады және "Челсиден" жалға ауысып келген Росс Баркли де гол соқты. Сонымен бірге "Астон Вилла" өз ойыншыларын сатудан пайда таппады.
10. "Арсенал" - 86 миллион еуро
Лондондық клуб трансферлік терезенің соңғы күнінде "Атлетикодан" Томас Партиді 50 миллион еуроға сатып алып, үздік ондыққа кірді. "Арсенал" сонымен қатар Габриэльге ("Лилль", 26 миллион), Пабло Мариға ("Фламенго", 8 миллион) және Рунар Рунарссонға ("Дижон", 2 миллион) қаражат бөлді. Виллиан мен Седрик Соареш "зеңбірекшілерге" еркін агент ретінде қосылды. Микель Артета клубтың трансферлік нарықтағы жұмысына риза шығар, бірақ қақпашы Мартинесті "Астон Виллаға" жіберу туралы шешім қате болып көрінсе керек. Осылайша, "Арсенал" бір ғана ойыншысын сатты.
9. "Атлетико Мадрид" - 90 миллион еуро.
"Атлетико" осы маусымда жаңадан келгендерге жұмсайтын қаражат бойынша қарсыластарынан озып кетті. Рас, Мадридтік клуб "Челсиден" шілде айында 56 миллион еуроға сатып алған Альваро Мората Диего Симеонеге пайдалы болмай қалды. Форвард "Ювентусқа" 10 миллион еуроға жалға берілді, сонымен қатар, "Атлетико" Янник Каррасконы "Далян Продан" 27 миллионға, хорватиялық "Локомотив" қақпашысы Иво Грбичті 7 миллионға және "Барселона" шабуылшысы Луис Суаресті сатып алды. Екінші жағынан, "Атлетико" ойыншыларды жалға беруден және сатудан 72,8 миллион еуро пайда тапты.
8. "Интер - 97 миллион еуро
Антонио Конте "Ювентустың" сәтті сериясын бұзатын команданы құруды жалғастыруда. Бұл трансферлік терезеде Миландық клуб Ашраф Хакими ("Реал", 40 миллион), Николо Барелла ("Кальяри", 25 миллион), Стефано Сенси ("Сассуоло", 20 миллион), Андреа Пинамонти ("Дженоа", 8 миллион) Дариан Малес ("Люцерн", 2 миллион) және Александр Коларовты ("Рома", 1,5 миллион) қатарға қосты. Одан бөлек, Артуро Видаль және Алексис Санчес "Интерге" еркін агент ретінде барса, Маттео Дармиан "Пармадан" жалдау шарты бойынша ауысып келді. "Интерді" өз ойыншыларын сатудан 83,7 миллион еуро пайда тапты.
6-7. "Тоттенхэм" - 98 миллион еуро
"Тоттенхэмнің" иесі Даниэль Леви ақшаны санай алады, сонымен қатар Жозе Моуриньоның да өзі қалаған ойыншыларды сатып алатын әдеті бар. "Тоттенхэм" құрамды нығайтуға 100 миллионға жуық қаражат жұмсаған! Команда сапына Джовани Ло Чельсо ("Бетис" 32 миллион), Серхио Регилон ("Реал", 30 миллион), Мэтт Доэрти ("Вулверхэмптон", 16,8 миллион) және Пьер-Эмиль Хёйбьерг ("Саутгемптон", 16,6 миллион) қосылды. Сонымен қатар Джо Харт еркін агент ретінде ауысса, Гарет Бэйл мен Карлос Винисиус жалға алынды. Бэйлдің оралуы ерекше қызығушылық тудырады, бірақ жарақатына байланысты дебюті кейінге қалдырылды. Ал ойыншы сатудан «Тоттенхэм» 13,3 миллион ғана табыс тапты.
6-7. "Бенфика" - 98 миллион еуро
Футболшыларды сатып алу емес, сату қабілетімен әйгілі "Бенфика" клубын бұл топтамадан көру таңқаларлық жағдай. Алайда, бапкер Жорже Жезуштың оралуы үшін Португалиялық клуб өздерінің философиясын түзетуге келісті. Дарвин Нуньес ("Альмерия", 24 миллион), Эвертон ("Гремио", 20 миллион), Педриньо "Коринтианс", 18 миллион), Лука Вальдшмидт ("Фрайбург", 15 миллион), Николас Отаменди ("Манчестер Сити", 15 миллион), Жилберто ("Флуминенсе", 3 миллион), Жан-Клер Тодибо ("Барселона", жалға алғаны үшін 2 миллион), Элтон Лейте ("Боависта", 1,5 миллион) және "Тоттенхэмнің" бұрынғы ойыншысы Ян Вертонген еркін агент ретінде команда құрамын толықтырды. Соған қарамастан, "Бенфика" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмады. Португалиялық клуб өз футболшыларын сатудан 76,4 миллион еуро тапты.
5. "Лидс" - 105 миллион еуро
Марсело Бьелса команда премьер-лигаға қайта оралса, "Лидспен" келісімшартын ұзартуға келіскен болатын. Аргентиналық бапкердің барлық трансферлік тілектерін қанағаттандыру үшін клуб басшылары ақшаны аямады. Родриго Морено ("Валенсия", 30 миллион), Диего Льоренте ("Реал Сосьедад", 20 миллион), Элдер Кошта ("Вулверхэмптон", 17,7 миллион), Рафинья ("Ренн", 17 миллион), Робин Кох ("Фрайбург", 13 миллион), Иллан Меслье ("Лорьян", 6,5 миллион) және Джо Гелхардт ("Уиган", 1 миллион) сатып алынды. Бірақ клуб бірде-бір ойыншысын сатқан жоқ.
4. "Ювентус" - 110 миллион еуро
"Ювентустың" "Интерден" айырмашылығы - Туриндік клуб аталған сомаға тек маңызды ойыншыларды сатып алды. Жаңа бапкер Андреа Пирлоның қарамағында бес ойыншы бар - Артур ("Барселона", 72 миллион), Роландо Мандрагора ("Удинезе", 10,7 миллион), Альваро Мората ("Атлетико", жалға алғаны үшін 10 миллион), Уэстон Маккенни ("Шальке" жалға алғаны үшін 4,5 миллион) және Стефано Гори ("Пиза", 3 миллион). Жаңадан келгендердің ішіндегі ең қымбаты Артур, бір қызығы, ойыншы әлі негізгі құрамнан орын таба алмады. Футболшыларды сату жағынан "Ювентус" 96,5 миллион еуро пайда көрді.
3. "Барселона" - 124 миллион еуро
"Барселона" бұл тізімде жаңадан келгендер үшін төлеген ақшасы клубтың кірісінен аспайтын жалғыз команда. Каталондықтар нарықта 124 миллион еуроға ойыншылар сатып алған екен. "Барселона" Миралем Пяничті ("Ювентус", 60 миллион), Франциско Тринкауды ("Брага", 31 миллион), Серджиньо Дестті ("Аякс", 21 миллион), Матеус Фернандес ("Пальмейрас", 7 миллион) және Педри ("Лас Пальмас", 5 миллион) секілді жас ойыншыларды тартумен айналысты.
2. "Манчестер Сити" - 156 миллион еуро
"Манчестер Сити" нарықта көп ақша жұмсай отырып, қаржылық фейр-плейді бұзбай жүр. Жазғы трансферлік терезеде Рубен Диаш ("Бенфика", 68 миллион), Натан Аке ("Борнмут", 45,3 миллион), Ферран Торрес ("Валенсия", 23 миллион), Пабло Морено ("Ювентус", 10 миллион), Яна Коуто ("Куритиба", 6 миллион) және Иссу Каборе ("Мехелен", 4,5 миллион) команда сапына қосылды. Соңғы үшеуі - жанкүйерлердің көпшілігіне белгісіз жас ойыншылар. Морено мен Коуто "Жиронаға" жалға берілді. Ойыншыларын сату жағынан "Манчестер Ситиге" 60 миллион еуро тапты.
1. "Челси" - 247 миллион еуро
Абрамович клубы - жазғы трансферлік терезеде ең көп ақша жұмсаған команда. "Челси" ұзақ уақыт бойы "ақша жинады", себебі өткен маусымда клубқа трансфер жасауға тыйым салынған еді. Нәтижесінде, Лондондық клуб осы жазда Кай Хаверцті ("Байер", 80 миллион), Тимо Вернерді ("РБ Лейпциг", 53 миллион), Бен Чилвеллді ("Лестер", 50,2 миллион), Хаким Зиешті ("Аякс", 40 миллион), Эдуард Мендиді ("Ренн", 24 миллион) сатып алса, ПСЖ қорғаушысы Тиаго Силваны тегін алды. Бірақ жаңадан келгендерге бейімделуге уақыт керек, ал "Челси" Премьер-Лиганың төрт турында екі рет жеңіске жетті. Сонымен қатар "аристократтар" өз ойыншыларын сатудан 76 миллион еуро пайда тапқан.
Біздің серіктес: FONBET