“Тренчин” командасының Шахмырза Адырбековке сенімі сөнген жоқ

19 жастағы отандасымыз Словакия командасының ойынға қатысатын футболшылар тізіміне қайта қосылды.

“Тренчин” командасының Шахмырза Адырбековке сенімі сөнген жоқ

22 қараша күні Адырбеков ойнайтын команда “Жилинаға” 4:1 есебімен жеңілді. Шахмырза сол ойында қосалқы құрамда болды. 

Соңғы рет отандасымыз “Тренчиннің” 4 қазанда өткен “Михайловцеге” қарсы кездесуіне қатысты. Алайда Шахмырза қатысқан және тізімде болған 4 матчта Рикардо Мониз шәкірттері жеңіліс тапты.

Команда Шахмырзаға әлі де сенім артуда. “Тобыл” түлегінің алдыңғы ойындардағы сәтсіздігіне қарамастан, “Тренчин” аяқдопшыны ойындарына қосып келеді. Жас футболшы да өзіне берілген мүмкіндігін барынша пайдаланып алуы тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×