Цеск Фабрегас Ламин Ямалдың “Алтын допты" иелену мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.
"Менің есімде, жыл сайын “Алтын доп” алуға лайық жалғыз ойыншы Лео Месси болды. Мүмкін, Ламин әзірге ондай деңгейде емес шығар, бірақ егер ол осы қарқынмен жалғастырып, дамуын тоқтатпаса, бұл марапат үшін күресте дәл сондай үстемдікке қол жеткізе алады деп ойлаймын.
Шынымды айтсам, бұл жүлденің қалай берілетінін немесе біреудің оны алуға лайық деп қалай шешетінін әлі де түсінбеймін.
Месси әр үш күн сайын екі гол соғып, ойын тағдырын өзгертіп жүрді. Ол ойынның барлық қырында үстем болды. Ямалға бұл тек бастамасы. Ол небәрі 17 жас, елестетіп көріңізші, егер осы қарқынын сақтаса, 21-22 жасында қандай деңгейге жететінін. Мен оған бар жақсылықты тілеймін.” – деді “Комо” клубының бас бапкері.