Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитеті «Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзені осы маусымда екінші рет дисквалификациялау туралы бұйрық берді.
Себеп сол - грузиндік маман «Қызыл-Жар СК» клубының бас бапкері Вячеслав Руснакты Қазақстан премьер-лигасының оныншы тур матчында қорлаған. Нәтижесінде Цхададзе екі матчқа шеттетілді.
Бұған дейін «Ордабасы» бапкері «Қайраттың» тәлімгері Алексей Шпилевскийге жаман сөз айтқаны үшін бір ойынды жіберіп алған еді. Инсайдер және журналист Айдин Қожахметтің айтуынша, Цхададзенің бұл әрекеті оның Шымкенттік клубтағы болашағы ақсап тұрғандығынан. «Ордабасы» футболшылары да жаттығуларда Цхададзенің нашар қылықтарын байқағаны атап өтілді. Футболшылар бұл туралы клуб басшылығына шағымданып үлгерді.
«Менің ойымша, Цхададзе онша қобалжымайтын сияқты. Егер мен "Ордабасы" онымен келісімшартты маусымның соңында жаңартуды жоспарламайтындығы туралы дұрыс ақпарат алсам, ол бұл туралы естіген шығар. Грузиндік маман кем дегенде екінші орын алса ғана клубта қалады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол чемпиондық үшін күресуі керек, немесе екінші орын. Қола жүлде оның командада қалуына кепілдік бермейді.
Мәселе мынада: «Ордабасы» басшылығы команданың құрамы, ең бастысы бюджеттің мөлшері командаға чемпиондық үшін күресуге мүмкіндік беретінін жақсы түсінеді. Қаржылық жағдай бойынша олар «Қайраттан» кем түспейді және «Астанадан» едәуір кем. «Тобылмен» салыстырғанда команданың бюджеті көп.
Бірақ «Ордабасы» ойынының сапасы нашар. Еуропа Лигасынан бірінші кезеңнен-ақ шығып кетуіне бапкерді кінәлаған жоқ. Осы факторлардың барлығы Байсейітовті қазір басқа мамандарға мұқият қарауға итермелейді. Жалпы, егер «Орда» өткен жылмен салыстырғанда бір қадам алға баспаса, онда Цхададзе чемоданын алып, Грузияға қарай билет ала берсе болады.
Айтпақшы, жақында "Астананың" оған қызығушылық танытып отырғандығы туралы жаңалық - бұл мүлдем жалған ақпарат. Бұл Грузиялық БАҚ-та пайда болғандықтан, мен бұл қадамды Цхададзенің "Ордабасы" басшылығы алдында позициясын нығайту үшін ұйымдастырылды деп санаймын», - деп жазды Қожахмет.
11 турдан кейін 17 ұпаймен «Ордабасы» бір матчты аз өткізген «Тобылмен» турнир кестесінде үшінші-төртінші орындарды бөлісіп тұр. Жоғарыда «Қайрат» (он ойында 24 ұпай) және «Астана» (он ойында 21 ұпай) бар.
Біздің серіктес: FONBET