Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, сербиялық қақпашы Саша Стаменкович жақын арада "Ақтөбеге" ауысады. Оның кандидатурасына "Ақтөбенің" бас бапкері Владимир Мұханов қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін 36 жастағы қақпашы ҚПЛ-да өнер көрсетіп, "Оқжетпестің" намысын қорғап келген. Стаменкович Премьер-лигадағы ең мықты қақпашылардың бірі саналды.
Стаменкович "Црвена Звезда" мен әзірбайжандық "Нефтчи" клубында ойнаған. Қақпашының соңғы клубы бакулік "Сабах" болды.
Біздің серіктес: FONBET