ЦСКА бапкері Зайнутдиновтың жарақаты жайлы айтып берді

05.02.2023, 23:22
ЦСКА бапкері Зайнутдиновтың жарақаты жайлы айтып берді


ЦСКА ФК бас бапкері Владимир Федотов Бақтиер Зайнутдиновтың қатарға тез қосылатынына сенімді. Ол "Оренбургқа" қарсы жолдастық матчта жарақат алған болатын. 

"Жақсы әрі тартысты ойын болды. Біз кей сәттерде босансып, қақпамызға гол жіберіп алдық. Матчта соңғы дәлдік пас жетіспеді. Бірақ, недегенмен тең тарқастық. Қарсыласпен салыстырып қарасақ, командамызда алға шығуға мүмкіндік көп болған екен. Салынбай қалған пенальтидің өзі бір төбе.

Жұмсақ алаңда Зайнутдинов пен Глебов жарақат алды. Екеуіде тобығын ауыртып алған екен. Бұл жарақаттың ауырлығы жоқ. Сондықтанда, олардың қалыпқа келу уақыты ұзаққа созылмауы керек.

Жиынның мақсаты орындалды. Командадағы барлық футболшылар өздерін сынады. Көбі 75 минуттан артық өнер көрсетуге шамасы жететіндігін дәлелдей түсті. Алар белесіміз әлі алда". 

Еске салайық, ЦСКА жолдастық кездесуде "Оренбургпен" 1:1 есебімен тең ойнады. Ендігі кезекте олар Марат Быстров өнер көрсететін "Ахматқа" қарсы кездесу өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×