ЦСКА-ның экс-футболшысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

09.04.2022, 00:39
Шабуылшыға Қазақстанның топ-клубтары қызығуда.
ЦСКА-ның экс-футболшысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

«Истра 1961» клубының ресейлік шабуылшысы Сердер Сердеров мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Дереккөздің айтуынша, футболшының өкілдері Қазақстанның бірнеше топ-клубтарымен байланысқа шыққан.

Сердеровтың қазіргі командасы маусымға арналған мақсатын орындап қойды, сондықтан клуб әрі қарай жастарға сенім артуы мүмкін. Қазіргі уақытта ойыншының өкілдері әртүрлі нұсқаларды қарастыруда.

Еске салайық, Сердеров «Анжи» командасының түлегі. Ресейде ЦСКА, «Урал», «Крылья Советов» және «Енисей» командаларында ойнаған. Сондай-ақ болгариялық «Славия», польшалық «Краковия», хорватиялық «Интер» (Запрешич) және венгриялық «Мезёкёвешд» клубтарында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×