«ЦСКА» Зайнутдиновты сатып алу құқығын пайдаланбақ

23.08.2020, 22:53
Мәскеулік клуб ойыншының келісімшартын сатып алмақшы.
«ЦСКА» Зайнутдиновты сатып алу құқығын пайдаланбақ

Мәскеулік ЦСКА "Ростовқа" Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов үшін келісімшартта қарастырылған өтемақыны төлейді. ⠀

«Келіссөздер мен келісімдер қажет емес. Ойыншының келісімшартта өтемақысы бар және олар оны төлеп, ойыншыны өз қатарына қоса алады. Тек ойыншының жағдайы маңызды. Гончаренко ойыншыны көргісі келеді. Бірақ Гончаренконың өзі осы командада қанша уақыт жұмыс істейтіні туралы сұрақ туындайды», - деп жазады журналист Сергей Егоров. ⠀

Бахтиёр Зайнутдинов "Ростовқа" 2019 жылдың қаңтарында "Астанадан" 115 мың еуроға ауысып келген болатын. "Ростов" үшін барлық турнирлерде барлығы 34 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×