Сами Трабельси баптайтын команда іріктеудің бірде-бір кездесуінде жеңіліс таппаған тарихтағы алғашқы құрама болып тіркелді.
Тунис ұжымы іріктеуде Намибия, Малави, Либерия, Экватория және Гвинея, Сан-Томе мен Принсипи ұжымдарын жалпы есеппен алғанда 22:0 есебімен жеңді. Сами Трабельси жігіттері топтағы мүмкін болған 30 ұпайдың 28-ін қоржынға салды.
Осындай ерекше нәтижені тіркеген команда әлемнің ешқандай құрамасының қолы жетпеген рекорды орнатты. Осы уақытқа дейін іріктеуде кем дегенде 6 ойында өз қақпасына гол жібермеген ұжым болмаған. Ал Тунис болса, барлығы мүмкін екенін дәлелдеді. Сол арқылы мундиаль тарихында рекордсмен болып сақталды.
Айта кетейік, Тунис ұжымында Максим Самородовтың “Ахматтағы" командаласы Надир Гандри өнер көрсетеді.