«Тұран» - «Астана» кездесуіне болжам

20.04.2025, 17:03

Түркістандық клуб маусымның басында жақсы көрінеді.

«Тұран» - «Астана» кездесуіне болжам
«Астана» футболшылары «Ордабасы» қақпасына салған голдарын тойлауда

Виталий Жуковский аз уақытта «Тұранға» тәп-тәуір ойын қойып бергендей. Белараусь бапкерінің Қазақстанда істеп кеткен клубтарында қолтаңбасы бар. Түркістандықтардан да беларусь маманының ойын стилі аздап байқалатындай. Дәл бүгінгі күнге Жуковский жаттықтыратын түркістандықтар 6 ұпаймен жетінші сатыға жайғасқан. Төрт турда «Оқжетпес» пен «Қызыл-Жарды» ұтты. Ал «Ақтөбе» мен «Қайратқа» шамасы жеткен жоқ, бірақ қос фавориттің де қақпасына гол сала алды. «Тұранның» бүкіл маусымдағы бет алысын осы төрт ойын көрсетіп бергендей - өзі деңгейлестермен ұпай жинап, мықтыларға тегеурінді қарсылық танытады. 

«Астана» өткенде Кубоктік кездесуде «Оқжетпестен» айласын асырып, ширек финалға шықты. Елордалық клуб шапқан сайын бауырын жазып келеді. Қырыққа таяған Марин Томасовтың бабы сұрапыл - хорватиялық ардагер Дастан Сәтпаевпен бірге шабуылшылар көшін бастауда. Ал Григорий Бабаянның командасы бүгін маусымдағы төртінші жеңісін тіркесе турнирлік кестеде «Қайратқа» жақындай түседі. Бірақ көпшілік елордалық клубқа Виталий Жуковскийдің «Тұранына» қарсы ойын оңай соқпайды деседі. 

Ал біздің болжам - Түркістандағы матчта қос клуб та гол салады. Fonbet.kz бұған 2.02 коэффициент беруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×