Түркістан облысының атынан Қазақстан чемпионатына қатысатын "Арыс" футбол клубы өзінің заңды құқықтарын сақтай отырып, "Тұран" атауына көшті.
"Тұран" кәсіпқой футбол клубы Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарайтын мемлекеттік мекеме болып тіркелді. Бұдан бұлай барлық ресми деректердегі, жарыс күнтізбесіндегі команда атауы "Тұран" болып өзгертілуі тиіс.
Айта кетейік, "Тұран" клубы Премьер-Лигада алғащ рет бақ сынамақ. Әбдіхалық Бөрібаев шәкірттері алғашқы турда өз алаңында "Астана" командасын қабылдайды (13 наурыз)
Біздің серіктес: FONBET