«Тұран» - «Атырау» кездесуіне болжам

10.05.2025, 16:31

Қос команда 12-сәуірде Кубоктік кездесуде жолыққан.

«Тұран» - «Атырау» кездесуіне болжам

Түркістандағы сол матч алаң иелерінің сенімді жеңісімен аяқталған еді 2:0. Енді бүгін ҚПЛ аясында болатын бәсекеде кімнің мерейі үстем болмақ? 

Виталий Жуковскийдің командасы өткенде «Жетісумен» ұпай бөлісті 0:0. Ал оның алдында оңтүстік дербиде «Ордабасыдан» ұтылған 0:2 болатын. Әбинұр Нұрымбет бастаған түркістандық футболшылар өзінің алаңында жемісті ойнайтынын айта кету керек. Әзірге команда 8 ұпаймен сегізінші орынға жайғасқан. 

«Атырау» маусымның басын өте сәтсіз өткізуде - бас бапкер Константин Горовенко кетіп, Қуаныш Кабдолов бас бапкер міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бірақ одан оң нәтиже болмай тұр - «мұнайшылар» соңғы бес бәсекеде жеңіліс тапты. Соңғы ойында «Ордабасыдан» ұтылып қалды 1:2.

Қуаныш Кенжәліұлының соңғы сұқбаттарының бірінде атыраулық жанкүйерлерге үміт лебі ескендей болды. Қазақстандық маман клубтың тығырықтан шығатынына сенім білдіріп, дағдарыстың артта қалғанын айтқан. Бүгін енді сол сөзінің бекер емес екенін дәледейтін уақыт. 

Біздің ойымызша, бүгін қонақтар ұтылмайды. Сіздер «Атырау» «Тұраннан» жеңілмейді деген нұсқаға Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде 2.15 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×