“Тұран” бапкері команданың маусымға қойған мақсатымен бөлісті

14.04.2024, 11:13

“Тұран” ФК бас бапкері Ринат Алюетов “Қайратқа” қарсы Қазақстан Кубогының 1/8 финал кездесуінен кейін өз пікірін білдірді. 

“Тұран” бапкері команданың маусымға қойған мақсатымен бөлісті


"Ойын бізге оңайға соққан жоқ. Біз негізі бұл кездесуге тыңғылықты дайындықпен келгенбіз. Біз “Қайрат” тарапынан айтарлықтай қысым болатынын түсіндік. Себебі Премьер-лигада алматылық ұжыммен кездескенде біз тең тарқасқан болатынбыз. Жоспар бойынша мен ойын тәжірибесі аз футболшылардың бабын тексеріп көргім келді. Сондықтанда бізде тұрақты құрам болмай тұр. Мен жас жігіттердің ойынын көргім келді. Өкінішке орай, біз жеңіліп қалдық. Футболда барлығы болады. Жалпы клуб басшылығы бізге бірқатар талаптар қойды. Соның бірі турнирлік кестеде неғұрлым жоғарыға көтерілу. Ал өз басым жігіттерге 8 орыннан табылу керектігін айтып түсіндірдім. Біз бұл мақсатта бар күшімізді жұмылдырамыз", - деді Алюетов.

Еске салайық, Қазақстан Кубогының “Қайрат” - “Тұран” арасындағы кездесуі 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×