«Тұран» бразилиялық шабуылшымен мәміле жасасты

31.08.2022, 18:49
Ойыншы түркістандық команда сапында 12-ші нөмірмен өнер көрсетпек.
«Тұран» бразилиялық шабуылшымен мәміле жасасты

«Тұран» 31 жастағы бразилиялық шабуылшы Жо Сантоспен келісім-шартқа отырды.

Ойыншы түркістандық команда сапында 12-ші нөмірмен өнер көрсетпек.

Жо Сантос өз елінде «Кампиненсе», «Витория», «Рио Прета» және «Сан Бернарду» командаларының намысын қорғады. 2012 жылдан бастап ол шетелде, атап айтсақ, португалиялық «Тондела», «Фреамунде», молдовалық «Зимбру», «Шериф», «Политехника», латвиялық «Вентспилс», румыниялық «Херманштадт», «Вииторул», бахрейндік «Аль-Риффа» клубтарында доп тепті.

Соңғы жарты жыл бойы Сантос польшалық «Радомякта» ойнады (5 матч).

Кәсіби мансабында бразилиялық футболшы 219 матч өткізіп, 31 гол мен 17 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×