«Тұран» ФК директоры қызметіне Нұрсұлтан Құрман тағайындала ма?

Биылғы маусымды сүреңсіз өткізген «Тұран» ФК басшылығында кадрлық ауыс-түйіс болатын секілді. Премьер-лигада өз орнын әрең сақтап қалған түркістандық команданың көрсеткіші облыс басшылығын қанағаттандырмай отыр.

«Тұран» ФК директоры қызметіне Нұрсұлтан Құрман тағайындала ма?
фото ашық дерек көзден алынды

Қаржыдан мәселе туындамаса да «Тұран» біріншілікте тұрақтылық танытпады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға клубтың ойыны да, басшылардың уәжі де ұнамаған көрінеді. Келер маусымға дейін команда басшылығына жаңа директор келетіні анық. Бүгінде бірнеше үміткердің есімі қаралып жатыр. Соның ішінде, белгілі спорт журналисі, Түркістан облысының тумасы Нұрсұлтан Құрман бар. Қазақ футболын жақсы білетін Нұрсұлтан футбол функционері ретінде де жақсы қырынан көрінді. Ол Қазақстан футзал ассоциациясының вице-президенті қызметін абыроймен атқарып, елімізде шағын футболдың дамуына зор үлесін қосты. Сондықтан, амбициясы жоғары жас маман «Тұранды» да жоғары жетістікке жеткізеді деген үміт бар. Ұзынқұлаққа сенсек, Түркістан облысының басшылығы да Нұрсұлтан Құрманның кандидаттығына басымдық беріп отыр. Енді тағайындалуын күтеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 5
Күлкілі 4
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×