
Түркістан қаласының "Тұран" футбол клубы 2024 жылғы маусым үшін футболшылар мен бапкерлер құрамына ондаған миллион теңге қарыз. Бұл туралы ақпаратты бірнеше дереккөз, соның ішінде Vera.kz, Legalbet.kz және Prosports.kz хабарлады.
Клуб салықтар мен зейнетақы жарналарын уақытында төлегенімен, ең негізгі – ойыншылар мен жаттықтырушылардың жалақыларын әлі күнге дейін төлемеген. Төлем уақыты бірнеше рет кейінге шегерілген: бастапқыда 15 қаңтар деп уәде етілсе, кейін 15 ақпанға ауыстырылыпты.
Осыған байланысты футболшылар мен бапкерлер Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) және Халықаралық футбол федерациясына (FIFA) ресми шағым түсіруге дайындалып жатыр. Егер бұл іске асса, клуб тек қарыздарын төлеумен ғана шектелмей, қосымша айыппұлдарға және трансферлік тыйымға (жаңа ойыншыларды тіркеуге шектеу) да ұшырауы мүмкін.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET