Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша, түркістандық клуб қатарын жақын арада Дінмұхаммед Қараман, Абылайхан Жұмабек пен Әділхан Добай толықтырмақ.
Қазір тараптар соңғы детальдарды талқылауда. Қазақстан жастар құрамасының жейдесін киген үш ойыншы да өткен маусымды «Жетісуда» өткізген. Дінмұхаммед Қараман жалпы талдықорғандық командадан бөлек «Тараз», «Тараз-Қаратау» және «Ақсу» намысын қорғаған. Жалпы, ҚПЛ аясында өткен 98 матчта доп теуіп, 5 рет мергендік танытып, голдық бір пас берді.
Абылайхан Жұмабек өзінің мансабында «Жетісу», «Тараз», «Тараз-Қаратау», «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. Қазақстан премьер-лигасындағы 88 кездесуде 12 доп соғып, 3 ассист берген болатын.
Ал Әділхан Добайға келетін болсақ, 23-жастағы футболшы ҚПЛ-дегі 46 ойында 3 рет мергендік танытып, 5 ассист берген. Спорттық мансабында «Ордабасы», «Мақтаарал» сияқты командалардың намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET