Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Тұранды» қабылдады.
Ойынның бастапқы минуттарында-ақ Асхат Тағыбергеннің айып добынан жасаған соққысы Евгений Гошев қақпасына гол болып енді. Есепте алға шыққан қостанайлықтар қонақтарға да мүмкіндік берді. Кейінгі түздегі екі ойында 1 ғана дәл соққы жасаған қонақтар осы жолы 4 рет қақпаға дәл соққы бағыттады. Алайда түркістандықтар тараз басын теңестіре алмады. Керісінше екінші таймда алаң иелері тағы бір гол соғып, матчты 2:0 есебімен аяқтады.
Осы жеңістен кейін «Тобылдың» еншісінде 44 ұпай болып, турнир кестесінің бірінші орнына шықты. «Астана» мен алматылық «Қайраттың» қоржынында 43 ұпайдан бар.
«Тобыл» — «Тұран» 2:0 (1:0)
Голдар: Тағыберген 4 (1:0), Зуев 72 (2:0)
Орындалмаған пенальти: Бақытжанов 90+3 (қақпашы қайтарды).