“Тұран” құрамын тәжірибелі шабуылшымен толықтырды

Бүгін, 14:05

31 жастағы отандық форвард Еркебұлан Тұңғышбаев 2026 жылғы маусымда Бірінші лигада өнер көрсетпек, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Тұран” құрамын тәжірибелі шабуылшымен толықтырды

sports24.kz сайтының мәліметінше, бұл трансфер "Тұран” клубының "Ordabasy Group” холдингінің басқаруына өткеннен кейінгі алғашқы маңызды қадамдарының бірі. 

Тұңғышбаев бұған дейін "Ордабасыда" доп тепті. Өткен маусымда ол, Премьер лига аясында 14 кездесуге қатысып, 1 голдың авторы атанған болатын.

Шабуылшы "Тұран" сапында 21-нөмірімен өнер көрсететін болады. Ол қазірдің өзінде команданың ресми өтініміне енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×