Түркістанда бүгін тартысты теке-тірес болғалы тұр.
Алаң иелері жеңілістен көз аша алмай келеді - соңғы бес бәсекеде ұтылды. Ал соңғы екі матчта тіптен гол соғатын қауқар таба алар емес: «Ақтөбеден» 0:3, «Қайраттан» 4:0. Виталий Жуковский бас бапкерліктен кеткен соң да жағдай түзелетін түрі жоқ. «Тұран» ақырындап батып барады. Сол үшін бүгін алаң иелері барынша ұпайдан шашау шығармауға тырысады. «Тұран Аренаға» жиналатын жанкүйерлер де командасына қамшы салатыны анық. Демек, кешке қарай жан алысып, жан беріскен матчтың бірін тамашалап қалуымыз ықтимал.
«Қызыл-Жар» 16 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Петропавлдық клубтың да соңғы кездегі нәтижелері көңіл көншітпейді. Милич Чурчичтің командасы 5 матчта 3-ақ ұпай еншіледі. Өткенде петропавлдықтар «Ордабасымен» тең тарқасқан болатын 0:0. Ерекше айта кетерлігі, бұл ойында алаң иелері сан басымдығына ие болды, шымкенттік ұжым бір жарым тайм бойы 9 футболшымен қалған. Бірақ, «Қызыл-Жарға» бұл ешқандай нәтиже берген жоқ. Бүгін қонақтар ұпай олжалап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға талпынбақ.
Бұл бәсекеде жалпы тотал 2-ден көп болады деп болжаймыз. Fonbet.kz кеңсесінде бұл нұсқаға 1.75 коэффициентімен бәс тігуге болады.