«Тұран» македониялық шабуылшыны қайтарып алды

27.03.2022, 16:57
Футболшы қаңтар айында түркістандық клубтан кеткен еді.
«Тұран» македониялық шабуылшыны қайтарып алды

Түркістандық «Тұран» 30 жастағы македониялық шабуылшы Самир Фазлимен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Фазли түркістандық клуб сапында 2021 жылдың тамыз айынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы жылдың қаңтар айында «Тұраннан» кетіп, «Македония Джёрче Петров» командасымен келісім-шартқа отырған еді. Бірақ көп ұзамай бұл клубтан кетуге мәжбүр болды.

Самир Фазли «Тұран» жейдесінде небәрі 5 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×