"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында "Каспий" клубын қабылдады. "Түркістан-Аренада" өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.
Ақтаулық клуб 31-минутта Арман Нүсіп соққан голдың арқасында алға шықты. 60-минутта таразы басын теңестірген "Тұран" шабуылшы Стэнли Нкоби жеті минуттан кейін дубль авторы атанды. Ал 84-минутта ресейлік шабуылшы Давид Караев "Каспийге" бір ұпай сыйлады.
"Тұран" бұл ойыннан кейін 3 ұпаймен он екінші орында қала берді. 6 ұпайы бар "Каспий" сегізінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: FONBET