"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Шахтермен" кездесті. Матч "Түркістан Арена" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Алаң иелері Игорь Шацкий қорғаған қақпаны 4 мәрте дәл көздесе, "кеншілер" бір ғана тура соққымен жауап қатты. Ойынның бас төрешісі Темірлан Әміров, Таңат Нөсербаев, Евгений Шикавка, сондай-ақ Иван Графты сары қағазбен жазалады.
Қуаныш Қабдловтың жетекшілігімен екінші матында жеңілмеген түркістандық ұжым 24 ұпаймен он екінші орынға жайғасты. Магомед Адиев шәкірттері 27 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET