«Тұран» футбол клубы 28 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквумен келісім-шартқа отырды.
Чиди өз отанында «Долфинс» командасында, кейін португалиялық «Брагада», белоруссиялық «Динамо» Брест пен «Рух» және ресейлік «Томь» клубында өнер көрсеткен. Ол 2011 жылы Нигерия, 2019 жылы Белоруссия чемпионы, 2016/17, 2017/18 маусымдардағы Беларусь Кубогінің және 2019 жылы Суперкубоктің жеңімпазы атанды. Ал өткен маусымда Ордабасыға ауысып, шымкенттік клуб жейдесінде 22 матч өткізіп, 3 голдық пастың авторы атанды.
Осучукву Нигерия жастар құрамасымен бірге Африка Кубогінің жеңімпазы және қола жүлдегері атанды. 2013 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынады.
Біздің серіктес: FONBET