«Тұран» нигериялық футболшымен қоштасты

20.07.2022, 19:00
Футболшы мансабын Қазақстанның топ-командасында жалғастырады.
«Тұран» нигериялық футболшымен қоштасты

Түркістандық «Тұран» 28 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквудың командадан кеткенін хабарлады.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған екен.

Чиди Осучукву «Тұранға» осы жылдың ақпан айында «Ордабасыдан» еркін агент ретінде қосылған еді. Содан бері түркістандық клуб жейдесңнде 10 ойынға қатысып, 2 гол соқты.

28 жастағы футболшы жақын күндері қостанайлық «Тобылға» ауысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×