“Тұран” ойыншысы өз мансабындағы мерейтойлы ойынын өткізді

14.09.2024, 21:54

32 жастағы хорватиялық вингер Антонио Яколиштің “Жетісуге” қарсы өткен матчы өз мансабындағы 400 болып тіркелді (0:0). 

“Тұран” ойыншысы өз мансабындағы мерейтойлы ойынын өткізді

Антонио бұндай жетістікке хорватиялық “Шибеник”, украиналық “Кривбасс”, “Днепр”, хорватиялық “Хайдук”, “Задар”, румыниялық ЧФР, “Стяуа”, “Арджеш”, кипрлік АПОЭЛ, ресейлік “Воронеж” клубтарында өнер көрсету арқылы қол жеткізді. 

Қазақстандық клубта ол 2024 жылдың қыс айынан бері доп теуіп келеді. “Тұран” үшін Яколиш жалпы алғанда 20 матч өткізіп, 2 гол мен 3 голдық пас берді. 

Айта кетейік, “Тұранның” “Шахтерге” қарсы Түркістанда өткен бүгінгі кездесуі алдында клуб басшылығы хорватиялыққа 400 саны жазылған естелік жейдесін табыс етті (2:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
×