«Тұран» - «Ордабасы» кездесуіне болжам

27.07.2025, 10:34

Түркістандық клуб 17 турда 11 ұпай еншілеп, он үшінші орында келеді.

«Тұран» - «Ордабасы» кездесуіне болжам
Сергей Малый «Ордабасы» капитаны

Команда 12 рет жеңіліп, 3 рет ұтып, 2 матчта тең ойнаған. Доп айырмасы 13-33. Өткен турда «Тұран» «Астанадан» жауапсыз 7 гол жіберді. Енді бүгін оңтүстік дербиде намысты қолдан бермеуге ниетті. Жалпы, қос команда арасындағы ойындар тартысты өтетіндігімен ерекшеленеді. Бүгін 20:00-де басталатын матч та солай өте ме? 

«Ордабасы» 23 ұпай жинап, сегізінші сатыға жайғасуда. Маусымның басында жанкүйерлердің мұндай нәтиже күтпегені анық. Алайда, жағдай осылай. Шымкентік ұжым соңғы бес ойында екі рет ұтылып, екі рет жеңіс тойын тойлады. Бір матч тең түсті. Андрей Мартин шәкірттері үшін әсіресе, өткен турдағы сәтсіздіктің ауыр тигені анық - Талдықорғанда соңғы секундтарда гол жіберіп, ұтылып қалды. 

Екі команда да гол соғады деп болжаймыз. Бұған Fonbet.kz 2.35 коэффициент береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×