«Тұран» «Ордабасы» клубының легионеріне көз тікті

01.02.2022, 22:08
Футболшы түркістандық клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
«Тұран» «Ордабасы» клубының легионеріне көз тікті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву кеше «Тұранның» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

28 жастағы орталық жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы» басшылығына шымкенттік клубтың ұсынысын тыңдамайынша, басқа командамен келісім-шартқа отырмаймын деп уәде берген екен. Бірақ төзімі таусылған нигериялық ойыншы Владимир Газзаевтың шақыртуын қабыл алды.

Осучукву өткен маусымды «Ордабасы» клубында өткізді (22 матч), ал оған дейін «Томь», белорусиялық «Динамо Брест» және «Рух», сондай-ақ португалиялық «Брага» командаларында өнер көрсетті. Айтпақшы, «Тұран» бастапқыда «Ордабасы» сапындағы тағы бір африкалық футболшы Абдуллай Диакатеге қызығушылық танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×