«Тұран» қақпашысы командадан кетті

04.07.2022, 20:42
Тараптар өзара мәміле бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзды.
«Тұран» қақпашысы командадан кетті

Түркістандық «Тұран» 28 жастағы әзербайжандық қақпашы Эмиль Балаевтың командадан кеткенін хабарлады.

Ресми ақпаратқа сенсек, тараптар өзара мәміле бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған.

Еске салайық, Балаев «Тұранға» осы жылдың наурыз айында қосылған болатын. Бірақ 4 ай ішінде түркістандық клуб үшін бір ғана ойын өткізді.

Наурыз-сәуір айларында Эмиль жарақатына байланысты бірнеше матчты жіберіп алды, ал айыққан соң негізгі құрамға ілікпеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×