«Тұран» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

10.05.2021, 02:59
Түркістандық ұжым турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды.
«Тұран» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры аясында петропавлдық "Қызыл-Жарды" қабылдады. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Қос команда да ойынның соңғы минутына дейін гол соға алмады. Тек матчтың қосымша уақытында "Қызыл-Жар" қақпасына пенальти белгіленді. Стефан Живкович бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Екінші матч қатарынан жеңіске жеткен түркістандық клуб 9 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді. 14 ұпайы бар "Қызыл-Жар" алтыншы орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×